Отшашу атқан кездегі қауіпсіздік шаралары қандай
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары отшашу атқан кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді. ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтың айтуынша, Жаңа жыл мерекесі кезінде отшашу атпақ болған адамдар қарапайым қауіпсіздік шараларын ұмытып жатады. Кейбіреулер мерзімі өткен пиротехникалық өнімдер мен петардаларды қолданады.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
10:14 22.12.2024
- Отшашуларды тек өнімнің сақталуын қамтамасыз ете алатын, күн сәулесі мен жауын-шашын түспейтін жерде сатып тұрған дүкендер мен павильондардан алу қажет. Пиротехникалық өнімдер саудаланатын орындар өрт дабыл жүйесі мен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс, - деді ол.
Отшашуды ату үшін дұрыс орын таңдау маңызды. Бұл кең әрі ашық алаң болуы керек. 50 метрдей радиуста ғимараттар, көліктер және басқа да өртену қаупі бар объектілер болмауы тиіс.
Адамдар отшашудан кемінде 35-50 метр қашықтықта тұруы қажет. Отшашуды ғимарат ішінде және үй-жайда қолдануға тыйым салынады. Қатты желде де отшашуды атуға тыйым салынады. Атылған кезде отшашудың үстінен еңкейіп қарауға болмайды. Балаларға пиротехниканы қолдануға қатаң тыйым салынған.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!