Жетісу облысында жоғалып кеткен малшы табылды
ТЖМ мамандары Жетісу облысында жоғалып кеткен малшының табылғанын хабарлады.
Фото: ТЖМ
08:05 23.12.2024
- Құтқарушылар жоғалған малшыны тапты. Кеше Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылының шетінде 1980 жылы туған ер адам мал бағуға шығып, қайтып оралмаған.
Алаңдаған туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінді, - деп жазды ведомстводан.
Іздестіру тобы жоғалған адамды Сарыбел ауылынан 5 шақырым жерде тапты.
Оны жедел жәрдем қызметкерлеріне берді, жағдайы тұрақты.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!