Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасына жаңа басшы келді
Алматы облысы әкімінің өкімімен Жандос Қанатұлы Ақыл Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Жандос Қанатұлы 1996 жылы туған, білімі жоғары.
Фото: Алматы облысы әкімдігі
09:55 23.12.2024
2018 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, 2021 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инженері болып бастаған.
Әр жылдары «Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы облысы әкімі аппаратының жобалық кеңсе және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2024 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы лауазымында қызмет етті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!