Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған екі Қазақстан азаматы қамауға алынды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген Қазақстанның 2 азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша сот процесі аяқталды.
Фото: ҚР ҰҚК
13:20 23.12.2024
Олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған. Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылған, елге жеткізіліп, қамауға алынды. Солардың біреуі Түркістан облысының тұрғыны, террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы).
Екіншісі, Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы). Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкім заңды күшіне енді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!