{metadescription}

Батыс Қазақстанда жол апатынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 желтоқсан күні Чапаев-Жаңақала жолында болды. 

«ВАЗ-2110» және «Лада Приора» автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. Салдарынан «ВАЗ-2110» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Сондай-ақ «ВАЗ-2110» автокөлігінде отырған тағы 2 адам және «Лада Приорадағы» 2 жолаушы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін Жаңақала ауданында соңы өліммен аяқталған тағы бір жол-көлік оқиғасы болған еді. 7 желтоқсан күні кешкісін Жаңақала ауылында жүргізуші «ВАЗ-2114» автокөлігімен белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Олардың біреуі қайтыс болса, екіншісі ауруханаға жатқызылды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.