Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет
«Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 24-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Фото: Александр Павский/ Kazinform
08:01 24.12.2024
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін 24 желтоқсанда циклон ойпаты және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен елдің көп бөлігінде күн құлымалы болады. Елдің басым бөлігінде қар жауып, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, батыста көктайғақ болады.
Осыған дейін еліміздің кейбір өңірінде 35 градусқа дейін аяз болатыны хабарланды.
— Түнде ауа температурасының төмендеуі тек орталық пен шығыста 20-35 градус аязға дейін болжанады, ал қалған аумақта температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді, — делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!