Былтыр қазақстандықтар eGov арқылы 44 млн қызмет алған
eGov жүйесі 2023 жылы қазақстандықтарға 44 миллионнан астам электронды қызмет көрсеткен.
Фото: Kazinform
11:45 24.12.2024
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкіметтің көшпелі отырысында мәлім етті. - Бүгінде цифрландыру азаматтардың өмір сүру салаларының барлығын қамтып отыр – бұл денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, құқықтық қолдау. 2023 жылы 44 миллионнан астам қызмет көрсетілді, - деді ол.
Сондай-ақ, ол екі мыңнан астам мектеп оқушыларға тегін тамақты электронды негізде рәсімдеу жүйесіне қосылғанын айтты.
- Мемлекеттік дәріханалар жүйесі 100% осы жүйемен қамтылған, 1,5 миллионнан астам рецепт өңделіп, берілді, - деді Жаслан Мәдиев.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!