{metadescription}
Назым Қызайбай бокстан Қазақстан чемпионы атанды
Назым Қызайбай Қарағанды қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігінде чемпион атанды.
Фото: ҚР ҰОК
12:48 24.12.2024
Қос дүркін әлем чемпионы, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келі) бүгін финалда қызылордалық Ақбота Болатпен қолғап түйістіруі керек еді.
Алайда қызылордалық спортышының алған жарақатына байланысты жекпе-жек өтпейтін болды. Сондықтан Назым Қызайбай 2024 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!