Тәуелсіздік күні мерекесінде интернет неге нашарлады – министр жауабы
Тәуелсіздік күні мерекесінде елімізде интернет баяу ұстады.
Фото: ШҚО Цифрлық даму басқармасы
13:04 24.12.2024
Айта кетейік, бұл мерекеде қазақстандықтар үш күн демалды. Бүгін Үкіметтің цифрландыру және жасанды интеллект тақырыбына арналған көшпелі отырысынан кейін БАҚ өкілдері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтен Тәуелсіздік күні мерекесінде баяу интернетке қатысты сауал жолдады.
- Интернет бойынша кез келген ақауға автоматты түрде әрекет етеміз. Алдағы мерекеде ақау болмайды деп ойлаймыз. Менде интернеттің нашарлауы митингімен байланысты деген ақпар жоқ, - деді Жаслан Мәдиев
Осы орайда журналистер министрден интернеттің төмендеуінің, дұрыс ұстамауының нақты себебін сұрады.
- Елімізде көптеген мәліметтер базасы бар, олардың барлығы бір-бірімен біріктірілген. Бұл технологиялардың артында ауқымды сұраныстар мен процестер жатыр. Сондықтан интернет бойынша ақау кез-келген ұйымда, банкте, мемлекеттік органда немесе кез-келген елде болуы мүмкін. Біз бұл мәселеге тез әрекет етіп, жылдам шештік, адамдар ақаудан 3-4 күн бойы интернетсіз қалған жоқ. Әр жайт бойынша репортаж дайындайтын тиісті мамандар бар және алдағы уақытта мұндай қателіктер қайталанбауы үшін шаралар қабылдануда, - деп толықтырды министр.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!