Рудныйдағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Қайғылы оқиға «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ кенді дайындау және байыту цехында болды. Жөндеу жұмыстары кезінде ер адам ауыр дене жарақатын алды.
Фото: Kazinform
15:01 24.12.2024
Зауыттың баспасөз қызметі ақпаратты ресми түрде растады.
– Вагонаударғышты жөндеу кезінде жөндеуші слесарь өте ауыр жарақат алды. «ССТКББ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оларға қажетті көмек көрсетіледі. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, - делінген хабарламада.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!