Оралда депозиттік шоттан 6,5 млн теңге жымқырған 21 жастағы жігіт ұсталды
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған күдікті 30 жастағы ер адамның ұялы телефонын қолды етіп, оның депозиттік шотынан 6,5 млн теңгені аударып жіберген.
Фото: pexels.com
15:46 24.12.2024
- Тергеу барысында жәбірленушінің күдіктімен жақын арада танысқаны анықталды. Сеніміне кірген күдікті оның ұялы телефонын иемденіп, банктік шотына қол жеткізген. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері 35 жастағы әйелді ұстады. Ол алаяқтық жолмен көру қабілеті нашар әйелдің атынан 500 мың теңге несие рәсімдеген. Күдікті көмек көрсету ниетін алға тартып, сенімге ие болған соң, мобильді банкинг қосымшасы арқылы несие рәсімдеп үлгерген. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері азаматтарға бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болу, қаржылық операцияларға байланысты барлық құжаттар мен қосымшаларды мұқият тексеру керектігін еске салады, - деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: kaiznform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!