{metadescription}

Халықаралық жүк тасымалдаушылар үшін жаңа тетік енгізіледі

2025 жылдың 15 қаңтарынан отандық тасымалдаушылар үшін жүктерді халықаралық тасымалдауға жаңа тетік енгізіледі. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған.

- Бүгінгі таңда Көлік министрлігі Жүктерді халықаралық тасымалдауға шетелдік рұқсат бланкілерін (мұнан әрі - ШРБ) берудің бұрын қолданылып жүрген тәртібінің орнына барлық отандық тасымалдаушылар үшін қандай да бір шектеусіз тең қолжетімділікті ашатын және неғұрлым бәсекеге қабілетті орта қалыптастыратын жаңа тетік енгізіп жатыр. Осылайша, өтінімді қарау мерзімін екі жұмыс күнінен 40 минутқа дейін қысқартып және төлегеннен кейін бірден бере отырып, ШРБ беру кезінде адами фактор толығымен алынып тасталады. Бұл ретте ШРБ алуға сұрау салу әрбір автокөлік құралына жеке беріледі, - деді бірінші вице-премьер.

Оның атап өтуінше, автокөлік құралдарының кіруін және шығуын бақылау «Бүркіт» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл ШРБ-нің көлеңкелі нарықта қайта сатылуын болдырмауды қамтамасыз етеді.

- Сонымен қатар, Көлік министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекске ШРБ қайтарудың белгіленген мерзімдерін (30 күннен астам) бұзғаны үшін жауапкершілікті енгізу бөлігінде түзетулер әзірледі. Қазіргі уақытта осы түзетулер бойынша реттеушілік әсерді талдау жобасы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлданды, - деді Роман Скляр.

Жауапқа қосымша берілген анықтамаға сәйкес, «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы Көлік министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 324 бұйрығы 2025 жылғы 15 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде