{metadescription}

Үйге кіріп ерлі-зайыптыларды атып кеткен: Алматыдағы жантүршігерлік оқиғаның жай-жапсары белгілі болды

Алматыда үй тонауға келіп, ерлі-зайыптыны атып кеткен қаскөй табылмай жатыр.

Элита санатындағы тұрғын үй кешенінде бақылау камерасы толып тұрғанымен, біреуі де істемейді екен. Сондықтан күдіктінің түр-әлпетін де дереу анықтау мүмкін болмапты. Ал қарақшыға қарсылық танытып, оқтан жараланған күйеуі мен әйелі қазір ауруханада жатыр. Бірнеше ота жасалып, жағдайы жақсарған.

Қаланың жоғарғы жағындағы Nef Uptown кешеніндегі қылмыс 20 желтоқсан күні таңда болған. Қара киініп, қаруланып алған ұры пәтерге айламен кіріп алыпты.

"Болжам бойынша күдікті пәтерге кірмес бұрын, іштегі жарықты дәл осы жақтан өшірген. Полицейлердің саусақ ізін алғанын мына қызыл бояудан байқауға болады. Сөйтіп қаскөй уақыт өткізіп барып, жарықсыз қалған үй ішіне өзін «электрикпін» деп таныстырып, есігін ашып алған",- делінген телеарна мәліметінде. 

Тапаншаның оғы, көршілерінің айтуынша, 40 жастағы әйелдің кеуде тұсы мен білегіне, 39 жастағы күйеуінің қолына тиген. Екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізіліпті. Ер адамға бірден ота жасалып, аман қалды. Қазіргі жағдайы орташа деп бағаланған. Енді операцияға әйелі де түсейін деп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде