Алматыда жас жігітті пышақтап кетті
Алматыда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қайтыс болды.
Фото: Freepik
08:27 25.12.2024
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды.
— Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр,— деп хабарлады ведомстводан.
Осыған дейін Алматының Алатау ауданында электр тірегінің астына асылып қалған ер адамның денесі табылғаны туралы жазған едік.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!