Екібастұзда көлік жөндейтін стансада өрт шығып, екі көлік жанып кетті
Екібастұз қаласында орналасқан техникалық қызмет көрсету стансаларының бірінде өрт шығып, ішінде тұрған көліктер өртенген. Екі көлік жанып кетсе, тағы екеуіне зақым келген.
Фото: Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті
11:53 25.12.2024
Бұл туралы Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.
- 24 желтоқсан күні сағат сағат 18.15-те Екібастұз қаласында бірқабатты ТҚҚС жанып жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен. Шақыруға барған өрт сөндірушілер жалпы ауданы 60 шаршы метр болатын ғимарат пен ішінде тұрған 4 көліктің жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі мен келтірілген залалы анықталып жатыр, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.
Жалынды сөндіруге төтенше жағдай департаментінің күштері мен құралдарынан 11 қызметкер және 4 техника жұмылдырылды.
Белгілі болғандай, тілсіз жаудың салдарынан 2 көлік жанып кеткен. Тағы 2 көлік өрттің ыстық лебінен зақымданған.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!