{metadescription}

Ақтөбеде студент қыз жігітті пышақтады

Ақтөбеде колледж білім алушыларының отырысы сәтсіз аяқталды. Үйге кірмек болған жігіттің алдынан пышақ ала шыққан қызды полиция анықтап, бөлімге жеткізді.

Оқиға 20 желтоқсан күні болған. Ақтөбе облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол күні колледж білім алушылары, кәмелет жасқа толмаған қыздар жиналып, отырыс жасаған.

- Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабы аумағында орналасқан үйлердің біріне отырысқа жиналған. Отырыс кезінде бір жасөспірім қыздың жігіті келіп, есікті қағып, қыздарды мазалаған. Содан бір қыз бала ас үй пышағымен жігітті жарақаттаған. Күдікті ретінде Ақтөбе сервис колледжінің студенті ұсталды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр,- деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде