Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалғандар бар
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтау қаласының маңында болған ұшақ апатынан аман қалғандар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: pixabay
12:45 25.12.2024
Министрдің мәліметінше, қазір аман қалған алты адам туралы ақпарат бар.
"Қазір біз мамандарды, травматологтарды, нейрохирургтерді және тағы басқа дәрігерлерді жіберу үшін санитарлық авиацияның рейсін дайындадық, қажет болған жағдайда оны алып кететін боламыз", — деді министр.
Қосымша: Кейін аман қалған 12 адамның ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.
2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға құстар тобының соқтығысуы себеп болған. Бортта 67 адам болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!