{metadescription}

Өскеменде университет маңынан адам мәйіті табылды

25 желтоқсан күні таңертең Серікбаев көшесінде орналасқан университеттің маңайында адамның мәйіті жатқан.

Мұны байқаған адамдар бірден полицияға қоңырау шалды.

- Сол жерге тәртіп сақшылары шұғыл келіп жетті. Марқұм 45 жас шамасындағы ер адам. Оның денесінен көзге көрінетіндей жарақаттар байқалған жоқ, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалған.

- Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілуге жатпайды, - делінген ақпаратта.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде