Ұшақ апаты. Түркі мемлекеттері ұйымы мәлімдеме жасады
Түркі мемлекеттері ұйымы Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ хабарлады.
Фото: Kazinform
08:04 26.12.2024
— Қазақстанның Ақтау қаласының маңында «Әзербайжан Хава Йоллары» компаниясына тиесілі ұшақ «Баку-Грозный» бағытындағы рейсті орындау барысында апатқа ұшырағаны туралы хабарды ауыр қабылдадық. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біздің барлық ой мен дұғамыз осы қайғылы оқиғадан зардап шеккен бауырларымызбен бірге. Осы қайғылы кезеңде біз зардап шеккен барлық мемлекеттердің халықтарына шыдамдылық тілейміз және көңіл айтамыз, — делінген Түркі мемлекеттері ұйымының «Әзербайжан Хава Йоллары» әуекомпаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауына қатысты мәлімдемесінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!