БҚО-да жол апатына ұшыраған шақалақтың жағдайы өте ауыр
Батыс Қазақстан облысында жол апатына ұшыраған шақалақтың жағдайы өте ауыр.
Фото: Kazinform
09:07 26.12.2024
Бұдан бұрын жазғанымыздай, жол апатынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмған болатын.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 21 желтоқсан күні сағат 16.04-те болған жол-көлік оқиғасынан 7 адам зардап шекті.
Соның ішінде біреуі оқиға орнында қаза тапса, бір бала көлікпен Ақжайық аудандық ауруханасына бара жатқан жолда көз жұмды.
— Қалған бес адам жедел жәрдем көлігімен Ақжайық аудандық ауруханасына апарылды. Қазіргі таңда 1974 және 1994 жылғы екі әйел мен 1995 жылғы ер адамға ота жасалып, облыстық көпбейінді ауруханада ем алуда. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты. Туғанына екі күн болған сәби (қыз бала) облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жолданды, жағдайы өте ауыр. 1948 жылғы әйел Ақжайық аудандық ауруханасында қажетті емін алуда, жағдайы орташа ауыр, — деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!