{metadescription}

Боранды күні жолға шығып кеткен жүргізушілерге қандай шара қолданылады

Ауа райы қолайсыздығы туралы ескертуге қарамастан жолға шығып, боранда қалып қойғандарға қандай шара қолданылады? Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова айтып берді. Маманның айтуынша, ауа райы қолайсыздығына байланысты шешімді жол иесі Төтенше жағдай және Ішкі істер министрліктерімен бірлесе қабылайды.

– Яғни республикалық және халықаралық маңызы бар жолдардың иесі – «Қазавтожол» компаниясы. Оның қарамағында 107 республикалық маңызы бар жол бар, 17 ақылы учаске бар. Ескерту хабарламасы келді ме, келмеді ме, адам естіді ме маңызды емес, мемлекеттік органның басты мақсаты – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, келеңсіз жағдайда қалып қойған азаматтарға көмектесу, - деп түсіндірді А.Боранова.

Сонымен бірге, ҚР Әкімшілік құқықұзушылықтар кодексінің 667-бабы (Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, заңды қызметіне кедергі жасау) бойынша жауапқа тарту шектен шыққан жағдайда ғана, мысалы жолды жапқанда құзырлы органдармен төбеселіп, жолға шығып кеткендерге қолданылады, деп жазады kazinform.

– Негізі жолды жабу туралы шешім Көлік министрлігінің 492-бұйрығымен қабылданады. Содан кейін осы талаптарды бұзғаны үшін деп 667-баппен іс қозғалады. Бұл бапты қарау соттың құызретінде болады, яғни айыпты 15 тәулікке қамауға алынады, немесе 30 АЕК айыппұл төлейді. Дегенмен бұл жерде басты мақсат – профилактикалық жұмыстар. Биыл әзірге ешкім жауапқа тартылған жоқ, - деді спикер.

Жол дәл боран соғып тұрған жерде емес, шамалы 10-20 шақырым қашықтықтан, айналма жолы бар жерден жабылады.

– Кей жүргізушілер «алдымыз ашық, боран жоқ, жолды неге жаптыңдар?» деп ренжиді. Жиырма шақырымнан кейін жолда не боп жатқанын білмейді. Ол жерде айналма жол болмағандықтан, оларды құтқару мүмкіндігі де шектеулі болады, - дейді Айнұр Боранова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде