{metadescription}

Маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азаматты Мәскеуге шығарып салды

Күні кеше Ақтауға Ресейден ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін медицина қызметкерлер мінген борт ұшып келген болатын. Бүгін олар түрлі деңгейдегі жарақат алған 9 отандасымен бірге елдеріне қайтты.

Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, ресейлік делегацияны Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары мен жастар ақ тілектерін айтып, шығарып салды. 

Айта кетейік, жарақат алғандардың барлығына Ақтаудағы ауруханаларда қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ Ақтауда Вице-премьер Қ.Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.

Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбай қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіленін айтты. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде