{metadescription}

Ұшақ апаты: Қаза тапқандардың мәйіті жақын арада Әзербайжанға жіберіледі

Әуе апатынан мерт болған жандардың мүрдесі Әзербайжанға жөнелтіледі. Бұл туралы аталған елдің Төтенше жағдайлар министрлігі мен Azerbaijan Airlines әуе компаниясының бірлескен хабарламасында айтылған.

Қазақстанның Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының апатынан қаза тапқан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денесі жақын арада Әзербайжанға жеткізіледі. 

Сонымен қатар, зардап шеккен жандарды тасымалдауға әуе компанияның арнайы рейсі жоспарланған. Оларды тасымалдау зардап шеккен жандардың денсаулық жағдайы мен дәрігерлердің қорытындысына сәйкес және тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік берген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Осыған байланысты Әзербайжан мен Қазақстанның құзырлы мемлекеттік органдары барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде