СҚО-да көлігіне жалған нөмір таққан ер адам сотталды
Солтүстік Қазақстан облысында көлікке жалған нөмір тағып жүрген ауыл тұрғыны 3 тәулікке қамауға алынды.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
13:27 26.12.2024
СҚО сотының мәліметінше, Уәлиханов ауданының тұрғынын жол полициясы тоқтатып, құжаттарын тексерген. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаға сай, М. есімді ер адам «ВАЗ 2111» маркалы автокөлігін жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен басқарған.
Сот отырысында жүргізуші өз кінәсін мойындамады. Айтуынша, өзі басқарған «ВАЗ 2111» автокөлігінің көлік құралын тіркеу куәлігі жоқ. Машинаны ауызша келісім арқылы сатып алған.
Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!