{metadescription}

Сот тәуелсіздігін арттыруда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр

ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесі Ғафур Шаров елімізде сот тәуелсіздігін арттыру мақсатында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

— Сот тәуелсіздігін жоғарылату - басты міндет. Мемлекет басшысының 2022 жылғы Жолдауында көрсетілген негізгі тапсырмалардың бірі — соттардың тәуелсіздігін жоғарылату арқылы Жоғары сот кеңесінің мәртебесін көтеру, кезең-кезеңмен судьяларға жоғары сатылардың ықпалын азайту. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық сот төрағаларын сайлау үрдісі енгізілді.

Қазіргі сәтке дейін Жоғары сот кеңесі тарапынан Президентке екі мәрте аудандық сот төрағасын сайлау жолымен тағайындау жөнінде ұсыныс берілді. Сонымен қатар қылмыстық қудалау орындарының судьяларға қатысты арнайы іс-шаралар жүргізу құқығын Бас прокурормен ғана санкциялау жөнінде өзгерістер енгізілді», - деді ол ОКҚ алаңында. 

Оның айтуынша, судьялар әр істі қарау барысында тек заңға ғана тәуелді болуы керек. Өзінің кәсіби біліктілігі деңгейінде шешімді тек заң тұрғысынан қабылдауға міндетті. 

— Жоғары соттың нормативтік қаулысына сәйкес, сот процесіне сыртқы күштер ықпал еткен жағдайда, заңнамада тиісті жауапкершіліктер бар, - деді ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесі. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде