{metadescription}

Елорда полициясы жаңа жылда аяз ата, ақшақар шақырғанда сақ болуды ескертті

Астана қаласының полиция департаменті жаңа жыл мерекесі қарсаңында азаматтарды мұқият және қырағы болуға шақырды.

— Құқық бұзушылық пен ұрлық-қарлықтың алдын алу мақсатында полиция қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын күшейтті. Сауда орындары, азық-түлік және гүл дүкендерінде, ломбардтарда, зергерлік дүкендер мен ақша айырбастау пунктерінде, жанар-жағармай құю бекеттері мен шағын кредиттік ұйымдарда рейд жүрді. Сонымен қатар шағын және орта бизнес объектілерінің жанында патрульдеу ұйымдастырылды, - делінген хабарламада. 

Осы орайда тәртіп сақшылары жаңа жыл қарсаңында теріс пиғылды адамдар мерекелік кейіпке еніп алаяқтық жасауы мүмкіндігін айтып отыр. 

— Сол себепті бейтаныс жандармен байланысқанда, әсіресе аяз ата мен ақшақар кейпіндегі әртістерді жалдағанда қырағылық танытуға шақырамыз, — дейді полиция департаментінен.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.