Қор нарығында доллар қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
Фото: uza
17:25 26.12.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,14 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 515,25 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 523,5 теңге. Еуро 536 — 544 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып, 542 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,15 - 5,19 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 26 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 514,93 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,18 теңге. Еуро — 536,04.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!