Қазақ-өзбек шекарасында мұнай өнімдерін заңсыз өткізуге арналған туннель анықталды
Түркістан облысы прокуратурасының бастамасы және үйлестіруімен өңірдегі Экономикалық тергеу және ҰҚК департаменттері, Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы арқылы қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып, мұнай өнімдерін контрабандалауға арналған туннель жойылды. Атап айтқанда, адамдар тобы қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метрлік туннель салған.
Фото: Бас прокуратура
16:40 26.12.2024
- Осы туннель арқылы күн сайын көлемі 5-7 тонна жанар-жағармай материалдарын контрабандалық жолмен шығарып, заңсыз әрекеттері шамамен екі айға созылған.
Арнайы шаралармен қылмыстық топтың барлық мүшелері, оның ішінде Өзбекстан азаматтары да белгілі болды, - деп жазьы бақылаушы органнан.
Мағыналас іс-шараларды Өзбекстанның құқық қорғау органдары мемлекеттік шекараның маңындағы аймақта өткізді.
Сонымен қатар, көрші мемлекеттен экспортталған жанармайдың ақша аудару схемасы анықталды.
Трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері Қазақстан аумағында да, Өзбекстан аумағында да ұсталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!