{metadescription}

Қазақстанның екі облысындағы тас жолдарда көлік қозғалысы ашылды

«ҚазАвтоЖол» Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының жолдарында көлік қозғалысының қайта жанданғанын хабарлайды.

2024 жылғы 27 желтоқсанда сағат 06:30–да мынадай республикалық жолдар көлік қозғалысы үшін ашық:

Шығыс Қазақстан облысы

«Омбы-Майқапшағай» автожолының 1103-1321 шақырым аралығында (Абай облысының шекарасынан Қытай шекарасына дейін) көліктің барлық түріне қозғалыс ашылды.

Абай облысы:

«Омбы-Майқапшағай» автожолының 1103-1321 шақырым аралығында (Боғаз ауылына бұрылыстан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түріне қозғалыс ашылды.

 

 https://kaz.inform.kz/news/kazakstannin-ek-oblisindagi-tas-zholdarda-kolk-kozgalisi-ashildi-4370e1/

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде