{metadescription}

Қызылордада заңсыз аңшылықпен айналысқандарға қатысты тергеу басталды

Қызылорда облысында заңсыз аңшылық дерегіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитеті.

РКҚ «ӨБ Охотзоопром» және орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі инспекциясы инспекторларының браконьерлікке қарсы күрес аясында жүргізілген «Киік» рейдтік іс-шаралары барысында Сырдария ауданында заңсыз аңшылыққа күдікті топ анықталды, деп жазады kazinform.

Тексеру барысында Ақши деп аталатын жерде екі автокөлік («УАЗ» және «НИВА») тоқтатылды. Көліктердің бірінен аңшылық қару-жарақ, оқ-дәрілер және түнгі уақытта аңшылыққа пайдаланылған болуы мүмкін жарықтандыру құралдары табылды. Сонымен қатар, киік пен қоянның денелері анықталды.

— Оқиға орнына жергілікті Полиция департаментінің тергеу-жедел тобы шақырылды. Барлық ұсталғандар жергілікті полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу басталды, — делінген ведомство хабарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде