Альпі тауларында қар астында қалып қойған венрлық туристтің денесі табылды
Словенияның тау құтқарушылары өткен аптада Альпідегі боран кезінде адасқан Венгр туристінің денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: pixabay
11:49 27.12.2024
ABC News-тің дерегінше, құтқарушылар тобы шатқалдан өмір белгілері жоқ ер адамды тапқан. Словениялық полиция тікұшағы құтқарушыларды оқиға орнына арқан арқылы түсірді. Осылайша, олар жоғалған адамды тапты. Туристтің денесі екі метр қардың астында қалған.
Ер адам серігімен бірге 22 желтоқсан күні, нашар ауа-райы кезінде тауда адасып кеткен. Оның қасындағы екінші саяхатшы 23 желтоқсан күні табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді. Алайда, құтқарушылар аяғы сынған ер адамды таба алмаған. Сондай-ақ, олар бірнеше күн бойы қатты желдің салдарынан аймақта тікұшақты ұшыра алмапты.
Словения альпинизммен және Альпі тауларымен танымал. Билік шетелдік қонақтарды сапарға шықпас бұрын үнемі мұқият дайындалуға және ауа-райы жағдайларына назар салуға шақырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!