Маңғыстау облысында халықаралық есірткі жеткізу арнасы анықталды
2024 жылдың 20 желтоқсанында ҰҚК және Шекара қызметі департаменттері Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
11:38 27.12.2024
2024 жылдың 27 желтоқсаныда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан ақпаратқа сүйенсек, есірткі сату кезінде ұсталып, соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынды. Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді.
Бұған дейін, а.ж. қарашасында ҰҚКД-ның күшімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 кг-дан астам каннабис тобының есірткілері тәркіленген ішкі есірткі жеткізу арнасы жойылды.
"Жоғарыда аталған фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!