{metadescription}
Түркістан облысында күдікті танысының көлігін заңсыз айдап кеткен

Түркістан облысында күдікті танысының көлігін заңсыз айдап кеткен

Сарыағаш ауданында полиция қызметкерлері Daewoo Nexia автокөлігін айдап кетуге қатысы бар деген күдікпен бұрын сотты болған 22 жастағы жігітті құрықтады.

Анықталғандай, күдікті жігіт жәбірленушінің әріптесі болып шықты. Өзінің жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра әріптесінің көлігін бірнеше рет сұрап мазасын алған. Алайда көлік иесі оған келісімін бермеген. Содан айласын асырған жігіт әріптесінің оталдыру кілтін құлпына жиі қалдыратынын есіне түсіп, ертесі күні оған ескертпестен көлікті діттеген жеріне айдап кеткен.

Тәртіп сақшыларының қырағылығы арқасында ұрланған автокөлік Шымкент қаласынан табылып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде