{metadescription}
СҚО колонияларында алимент бойынша борышкерлер жұмысқа орналастырылды

СҚО колонияларында алимент бойынша борышкерлер жұмысқа орналастырылды

СҚО колонияларында алимент бойынша борышкерлер жұмысқа орналастырылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы түзеу мекемелерінде алимент бойынша 39 борышкер жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның дерегіне сүйенсек, сотталған К.-ның № 50 мекемеде жазасын өтеу кезінде жұмыс істемейтіні және қызын асырау үшін 1 миллион теңгеден астам қарызы бар алимент бойынша борышкер екені анықталды. Осылайша сотталушы ЖК-дің қол астына жұмысқа орналастырылды. 

Сондай-ақ, тексеріс барысында қабылданған шаралармен жалпы қарыз сомасы 22,4 млн тенгені құрайтын алимент бойынша барлығы 11 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Атап айтқанда, № 48 мекемеде қарыз сомасы 18,8 млн теңгені құрайтын 6 сотталушы, № 51 мекемеде 2,5 млн теңге қарызы бар 3 борышкер, № 50 мекемеде 2,1 миллион теңге қарызы бар 2 борышкер жұмыс тапты.

Қазіргі таңда, алимент бойынша барлық борышкерлер жұмысқа орналастырылды, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және облыс прокуратурасының бақылауында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде