Екібастұз МАЭС-1 стансасында №1 энергоблок іске қосылды
Болат Нұржанов атындағы Екібастұз №1 мемлекеттік аймақтық электр стансасында бірінші энергиялық блокты қалпына келтіру жобасы өз мәресіне жетті. Нәтижесінде кәсіпорын соңғы 30 жылда алғаш рет сегіз блокты режимде толық қуатына көшті.
Фото: Энергетика министрлігі
13:42 27.12.2024
Екібастұз МАЭС-1 стансасының №1 энергоблогы толық қуатта 72 сағат бойы сәтті жұмыс істеп, пайдалануға енгізілді.
- 500 МВт қуатқа ие жаңа энергоблок еліміздің энергетикалық қуаттарын айтарлықтай арттырып, экономика мен халықты тұрақты және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Энергоблокты салу жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық энергетикалық инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырудағы маңызды кезең болды. Екібастұз МАЭС-1, елдің жетекші энергетикалық орталықтарының бірінде орналасқан. Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және индустриалдық дамуын қолдауда стратегиялық рөлін атқаруды жалғастыруда, - деп хабарлады ҚР Энергетика министтрлігінен.
Энергия блогын енгізу арқылы станса 4000 МВт-тық қуаттылыққа шығады. Бұл соңғы 30 жылда болмаған сегіз блокты режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!