Баянбек Қырықбаев Ақтөбе қаласындағы Астана ауданының әкімі қызметіне тағайындалды
Астана ауданы әкімінің қызметіне Баянбек Қырықбаев тағайындалды.
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі
13:53 27.12.2024
Бұған дейін ол Ақтөбе облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне басшылық етті. Ақтөбе қалалық мәслихаты Астана ауданы әкімі қызметіне ұсынылған Баянбек Қырықбаевтың кандидатурасын мақұлдады. Жоғары білімді маман Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін кадастр біліктілігі бойынша аяқтаған.
- Еңбек жолын мұғалім болып бастаған. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Әділет басқармасының жетекші маманы болып, Ақжайық ауданы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары жер қатынастарының бас маманы, «Ақтөбе Жер ғылыми-өндірістік орталығы» РМК бөлімінің бастығы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, Қобда ауданы әкімінің орынбасары болды. Сонымен бірге Ақтөбе облысы әкімі аппаратының өңірлік даму, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Тағайындалғанға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Ақтөбе облысының Жер ресурстарын басқару департаментін басқарды, - деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!