{metadescription}
Ақтөбеде көлік көпірден құлап кетті

Ақтөбеде көлік көпірден құлап кетті

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, біреуі көпірден құлап кетті. Екі адам ауруханаға түсті.

Бүгін Ақтөбе-Астрахань тасжолының Алға қаласы маңында «ВАЗ-2114» және «Тайота-Сиена» автокөліктері соқтығысты. Салдарынан «ВАЗ-2114» автокөлігі көпірден құлап, жүргізушісі мен жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды. 

- Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау маңызды екенін еске салады, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Жараланған екі адам Алға аудандық ауруханасына жеткізілді.

- 70 жастағы ер адамның бас сүйегіне зақым келді, миы шайқалды. Оң жақ бұғанасының жабық сынығы тіркелді. Оны облыстық көпсалалы аурухананың травматология бөліміне жеткізді. Сонымен бірге 47 жастағы ер адамның бас сүйегі жараланып, миы шайқалды. Алға аудандық ауруханасының хирургия бөліміне стационарға жатқызылды. Ол ем қабылдайды, - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде