Қор нарығында доллар 5 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,76 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 521,81 теңге.
Фото: freepik.com
16:30 27.12.2024
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 526 теңге. Еуро 538 — 545 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,10 - 5,20 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 27 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 515,25 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,18 теңге. Еуро — 535,91.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!