{metadescription}
Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМҚ демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

— Алдағы екі күнде солтүстік және шығыс аймақтарға әлі де солтүстік-батыс циклоны жырасы әсер етеді, сондықтан қар, жаяу бұрқасын болжанады. Тек 28 желтоқсанда, кезекті антициклон сілемімен, елдің солтүстігінде күн ашылады. Жерорта теңізі аймағынан келетін циклонның әсерінен елдің батысында, 27 желтоқсаннан бастап оңтүстігінде, содан кейін оңтүстік-шығыс аймақтарда да тұрақсыз ауа-райы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. Республика бойынша тұман күтіледі, елдің солтүстігінде жел күшейеді, — делінген хабарламада.

Синоптиктер Республиканың көп бөлігінде температура өзінің Климаттық көрсеткіштерінен жоғары болып тұрғанмен солтүстік өңірлерде ауа температурасының түнде 7-15-ке дейін, күндіз 5-10 градус аязға дейін аздап төмендеуі күтілетінін болжайды. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.