Абай облысында «гастрольдік квартет» атанған пәтер ұрылары ұсталды
Абай облысында полицейлер ірі ұрлыққа қатысы бар пәтер тонаушылар тобын қылмыс үстінде ұстады.
Фото: Polisia.kz
20:27 28.12.2024
ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің қатысуымен жедел ұстау операциясы жүргізіліп, күдіктілердің әрекеттері қылмыс жасау кезінде тоқтатылды.
Оперативті қызметкерлердің анықтауы бойынша, «гастрольдік квартет» атанған топ ШҚО-дан Семей қаласына 19 желтоқсанда келген. Келесі күні күдіктілер пәтерден 15 миллион теңгеден астам қаржының мүлкін ұрлап кеткен. Ұрланған заттардың ішінде алтын бұйымдар мен сейфтен алынған қомақты ақша бар.
Қылмыстық схема әдеттегідей жоспарланған: екі қатысушы пәтердің құлпын кілт таңдау арқылы ашқан, ал қалған екеуі сыртта қауіпсіздікті бақылап тұрған. Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оларға қатысты ғимаратқа заңсыз кіру арқылы ұрлық жасау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оларға мүлікті тәркілеумен бірге жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуда.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!