Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
30 желтоқсанда Астанада, Шымкентте және елдің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform
08:09 30.12.2024
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді.
Қызылорда облысының шығысында, солүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, түнде және таңертең тау асуларында екпіні 23-28 м/с болады.
Шымкентте күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр басымырақ) болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, тұман болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.
Абай облысының оңтүстік-батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні - 15-20 м/с.
https://kaz.inform.kz/news/30-zheltoksanda-aua-rayina-baylanisti-brkatar-onrde-eskertu-zhariyalandi-addfef/
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!