{metadescription}
ШҚО Күршім ауданына жаңа әкім тағайындалды

ШҚО Күршім ауданына жаңа әкім тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі болып Мейіржан Әлбеков тағайындалды.

Мейіржан Қанатбекұлы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылының тумасы. 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық университетін, 2015 жылы Т.Қ.Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын, 2021 жылы Алматы экономика және статистика академиясын аяқтаған.

Еңбек жолын 2010 жылы бастады. Әр уақытта «Дарын» МКҚК директоры, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары, сонымен қатар Ұлан ауданы Таврия ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген. 

2023 жылдың желтоқсанынан бастап Күршім ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев жаңа әкімге Күршім ауданының инфрақұрылымын, әлеуметтік-экономикалық және туристік әлеуетін дамыту бойынша міндеттер қойды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 желтоқсан

30 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде