Президент мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау туралы Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Фото: Коллаж: Kazinform/ Freepik
11:10 30.12.2024
— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!