{metadescription}
Елорда полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Елорда полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Астана қаласы полиция департаментінің Алматы ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері түскен шағым негізінде ұрлық жасаған күдіктіні анықтап, қылмысты әшкереледі.

Тергеу барысында анықталғандай, елордаға демалысқа келген 25 жастағы азамат техника сататын ірі сауда үйлерінің бірінен Asus ноутбугін қолды қылған. Кейін ұрланған мүлікті сатып жіберген. Залал мөлшері шамамен 700 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің ізін суытпай ұстады.

Қазіргі таңда оған осыған ұқсас тағы екі эпизод бойынша айып тағылып отыр. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақтық шараларын күшейтуге кеңес береді.

Жұмыс орындары мен жеке мүлікті қараусыз қалдырмау, сондай-ақ шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылау камераларымен толықтай қамтамасыз ету – қылмыстардың алдын алудың маңызды жолы екенін ескертеді.

Дереккөз: zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 желтоқсан

30 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде