{metadescription}

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Гүлмира Тоқтарқызы Кәрімова Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігі. Гүлмира Кәрімова В.И.Ульянова-Ленинатындағы Қазан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Көкшетау қаласының Ауыл шаруашылығы институтында тағылымдамадан өтуші-оқытушы болып бастаған. 

1993-1999 жылдары Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының экономика, кәсіпкерліктің экономикалық теориясы кафедрасының ассистенті, С.Сәдуақасов атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының педагогика, психология, философия кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

1999-2007 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті философия кафедрасының аға оқытушысы болды.

2007 жылдан бастап Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.