Абай облысында 46,5 млн теңгенің бөлшектерін ұрлаған күдіктілер ұсталды
Биылғы 24 қыркүйек пен 19 қазан аралығында белгісіз адамдар айлакерлікпен зауыттың қабырғасын бұзып, кәсіпорын филиалының суық қоймасына заңсыз кірген.
Фото: POLICE_of_KZ
08:22 31.12.2024
Олар арнайы техникаларға арналған қосалқы бөлшектерді ұрлап, жалпы құны 46 568 488,41 теңге шығын келтірген.
- Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында күдіктілер анықталды. Олар алдын ала келісіп әрекет еткен үш ер адам болып шықты. Барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әлі де жалғасуда, - делінген Polisia.kz мәліметінде.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!