{metadescription}
Компаниядан қомақты қаржы жымқырған қазақстандық Дубайда ұсталды

Компаниядан қомақты қаржы жымқырған қазақстандық Дубайда ұсталды

2022 жылы Алматы қаласындағы жеке меншік компаниялардың бірінен 947 миллион теңге жымқырған күдікті Дубайда бой таслап жүрген жерінен қолға түсті. Бұл туралы ҚР ІІМ мәлім етті.

— Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды. 2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде