Шымкентте 30 келі есірткіні 1,5 млн теңгеге сатпақ болғандар ұсталды
Шымкент қалалық полиция департаменті 30 келі есірткіні 1,5 млн теңгеге сатпақ болғандардың ұсталғанын мәлімдеді.
Фото: ШПД
09:10 31.12.2024
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында Шымкентке есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.
- Жамбыл облысының 58 және 51 жастағы тұрғыны ұсталып, олардан 30 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді. Бұл есірткі заттарын олар 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған, - деп жазды полицияның баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда осы жайт бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.
Полиция есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!