{metadescription}
Зейнетақы активтерін басқаратын компанияларға қойылатын табыстылық талаптары жеңілдейді

Зейнетақы активтерін басқаратын компанияларға қойылатын табыстылық талаптары жеңілдейді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейіне қойылатын талаптарды қайта қарауға арналған қаулы жобасын ашық талқылауға шығарды.  Қаулыда инвестициялық портфельді басқаратын компаниялар зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельдің бір және бірнеше түрін қалыптастыратыны айтылған.

Олар:

1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан салымшылардың консервативтік портфелі;

2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын салымшылардың қалыпты портфелі;

3) зейнетке шығу мерзімі он үш жылдан асатын салымшылардың тәуекелді портфелі.

Бұл қаулы басқарушы компаниялар алған зейнетақы активтерінің номиналды табыстылығы мен ең төменгі табыстылығының арасындағы теріс айырманы өтеуге бағытталған. Сонымен қатар құжат зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесін кеңейтіп, инвестициялау лимиттерін төмендетуге арналған. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде