{metadescription}
Қытайдың Қазақстандағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі Астанаға келді

Қытайдың Қазақстандағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі Астанаға келді

30 желтоқсанда Астанаға Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чунлин келді.  Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, Хань Чунлинді әуежайда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері мен Қытайдың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының қызметкерлері қарсы алды.

Елші өз кезегінде қазақстандықтарға ризашылығын білдірді. Ол сонымен қатар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 33 жыл толуына орай оны Қытай басшысы Си Цзиньпин ҚХР-дың ҚР дағы 12-ші Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындағанын құрмет тұтатынын атап өтті. 

- Осыдан 33 жыл бұрын екі ел басшыларының стратегиялық басшылығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасы үздіксіз серпінді дамуға қол жеткізді. Сондай-ақ тұрақты жан-жақты стратегиялық әріптестік тарихындағы ең жоғары деңгейге көтерілді, - деді Хань Чунлин.

Сонымен бірге Елші Қытайдың қазір Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағасы екенін, ал Қазақстан келесі жылы екінші «Қытай-Орталық Азия» саммитін өткізетінін тілге тиек етті. Чунлин осындай маңызды сәтте жауапты қызметке тағайындалу оған үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты. 

Ол екі мемлекет басшылары жүктеген міндеттерді адал атқаратынын, Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасының «жаңа алтын отыз жылдығын» құруға белсенді түрде ұмтылатынын баса айтты.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде